Петропавл облыс орталығында «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша өңірлік WorldSkills чемпионаты өтті. Байқауға Солтүстік Қазақстан облысының колледж студенттері қатысып, кәсіби даярлықтарының жоғары деңгейін, практикалық дағдылары мен шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар тағам дайындау, технологиялық үдерістерді сақтау және гастрономиядағы креативті тәсіл бойынша тапсырмаларды орындады.
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің КММ «Кәсіби даярлау және сервис колледжі» базасында «Дәнекерлеу технологиялары» құзыреттілігі бойынша өңірлік WorldSkills чемпионаты өтті. Жарысқа облыстың 8 колледжінен студенттер қатысып, кәсіби дайындықтары мен практикалық машықтарының жоғары деңгейін көрсетті.
Мұндай чемпионаттардың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудағы маңызы зор. WorldSkills қозғалысы жұмысшы мамандықтарын насихаттауға, студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге, тәжірибе алмасуына және халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істеуге дайындалуына мүмкіндік береді.
Жарыс барысында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің КММ «Кәсіби даярлау және сервис колледжінің» студенттері жоғары нәтиже көрсетті. «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша Ослопова Маргарита жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, үздік шеберлік медальонын иеленді. Ал «Дәнекерлеу технологиялары» құзыреттілігі бойынша Гончар Иван жеңімпаз атанып, оның шеберлігі мен жауапкершілігі қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Енді Гончар Иван Солтүстік Қазақстан облысының намысын республикалық WorldSkills чемпионатында қорғайды. Қатысушыларға алдағы уақытта табыс, кәсіби өсу және жаңа жеңістер тілейміз!
