Біз сіздерді 2025-2026 оқу жылында "кәсіптік даярлау және сервис колледжі" сайтында қарсы алуға қуаныштымыз
Кіру
AA+
Біз сіздерді 2025-2026 оқу жылында "кәсіптік даярлау және сервис колледжі" сайтында қарсы алуға қуаныштымыз
КППиС
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Булаево қаласындағы КММ «Кәсіби даярлау және сервис колледжінің» студенттері 13–14 мамыр күндері Жалел Қизатов атындағы Жоғары ауыл шаруашылығы колледжі базасында өткен AgroSkills – 2026 кәсіби шеберлік чемпионатында оқу орнын лайықты деңгейде таныстырды. Тартысты дода қорытындысы бойынша колледж командасы құрметті екінші орынды иеленіп, аграрлық саладағы болашақ мамандарды даярлау деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді.
Чемпионатқа Солтүстік Қазақстан облысындағы колледждердің үздік студенттерімен қатар, Ақмола облысының өкілдері де қатысты. Байқауда өңірдің барлық аудандарынан келген командалар бақ сынасып, бұл жарыстың беделі мен бәсекелестік деңгейін одан әрі арттырды. Қатысушылар теориялық білімдерін ғана емес, практикалық даярлықтарын, кәсіби төзімділіктерін және өндірістік жағдайға жақын ортада жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті.
КММ «Кәсіби даярлау және сервис колледжінің» намысын Бобров Вадим мен Рындин Никита қорғады. Өндірістік оқыту шебері Бачанцев Андрей Владимировичтің жетекшілігімен студенттер барлық байқау бағыттары бойынша жоғары кәсіби шеберлік пен тыңғылықты дайындық деңгейін көрсетті.